Рухани: Ислам республикасы қорғаныс жабдықтарын жасау үшін ешкімнен рұқсат сұрамайды
ИИР Президенті Рухани Иранның әртүрлі зымырандар мен қорғаныс жабдықтарын жасау үшін ешкімнен рұқсат сұрамай, өз жолын жалғастыратынын қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани Ислам революциясы жеңісінің қырық жылдығына орай Теһранның Азади алаңында өткен салтанатты шарада сөз сөйлеп: «Бүкіл әлем ИИР күш-қуатының қасиетті қорғаныс кезеңімен салыстырғанда екі есе артқанын білуі керек. Иран қарулы күштері әртүрлі қару-жабдықтарды өз күшімен қамтамасыз ететін әлеуетке жетті»,- деді. Иран Президенті қарулы күштердің елді қорғаудағы батылдығына тоқталып: «Әлемдіктер Иранның көмегімен Сирия, Ирак және Ливан халықтарының жеңіске жеткенін, сондай-ақ Палестина мен Йемен халықтарының басқыншыларға қарсы қарсыласуын жалғастырып отырғанын көріп отыр. Бүгінде дұшпандар өткен 20 жылғы сәтсіздіктері мен аймақтағы араласушылық әрекеттерін мойындап, аймақтан шығуға мәжбүр. Енді бұл аймақтың халықтары даму және елдерін өркендету жолын жалғастыра алады»,- деді. Рухани исламдық болмыс, республикалық жүйе мен сайлау өткізуді ИИР-ның маңызды жетістіктері деп атады.