Иран аймақ елдерінің бәрімен бауырлас қарым-қатынасты қалайды
ИИР Президенті Рухани: "Кейбір көршілес елдер қате жолды таңдаса да, Иран аймақ елдерінің бәрімен шынайы бауырлас қатынасты қалайды",-деді.
Хасан Рухани жексенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Бандер-Ленге халқының алдында сөйлеген сөзінде "Джейш ул-Золм" лаңкестік тобының Систан мен Белучистанға жасаған шабуылында 27 ирандық шекарашының шәһид болғанын, Иран халқының осы шәһидтердің қаны үшін кек алатынын күмәнсіз деп атады.
ИИР Президенті Теһранның әрдайым аймақта қауіпсіздік қалыптастырушы болғанын және ешқашан аймақта басқыншылықты бастамағанын айтып: "Мұсылмандар бірлік сақтап, достық пен бауырластық қатынас арқылы аймақтың қауіпсіздігін сақтауы керек",-деді.
Рухани АҚШ пен сионистер аймақта қауіпсіздік орнатады деп ойлайтын адамдардың қателесетінін айтып: "Үстемшіл алпауыттардың талпыныстары аймақтағы ұлттар, қауымдар мен діндер арасына жік салып, қайшылық тудыруға бағытталған. Бұл салада қырағылық қажет",-деді.