Жұма намазының құтпалары
Ақп 22, 2019 19:43 Asia/Almaty
Теһран жұма намазының имамы Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан-Балучистанда жасалған лаңкестік шабуылға тоқталып: «Иран көршілес ислам елінің лаңкестерді тәрбиелейтін орталыққа айналуын қабылдай алмайды»,- деді.
Сейед Мұхаммад Хасан Абуторабифард бүгінгі Теһран жұма намазының құтпаларында Пәкістанның көршілес елдер үшін қатерлі жағдай тудырып отырғанын айыптап: «Пәкістан бұл әрекетінің құнын өтеуі керек. Пәкістан үкіметі мұсылман көршілес ел ретінде бауырластық негіздерін жалғастыру үшін өз жолын өзгерткені жөн»,- деді.