Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері Сирия Президентінің Теһран сапарын ИИР-ның аймақтағы құдіреті мен айбынын көрсететін теңдессіз тарихи оқиға деп сипаттады.
Теһран жұма намазының құтпагері аятолла Мұхаммад Әли Мовахеди Кермани Сирия Президенті Башар Асадтың Теһран сапарына тоқталып: "Бұл сапар әлемдік саяси ортаның басты жаңалығына айналып, аймақтағы америкалық коалиция мен арабтардың тыңшылық қызметтерінің уәждеріне керісінше, Сирия жүйесінің тұрақтылық пен айбынға ие екенін көрсетті.
Башар Асадтың Теһран сапары Израиль мен АҚШ-тың аймақтағы одақтастарына Сирияда ирандық әскери кеңесшілердің құзыры жалғаса беретінін, АҚШ пен одақтастарының жан-жақты қысымдарының еш әсері болмағанын анық жеткізді.
АҚШ-тың билігі әлсіреген. Бұл елдің тіпті өз одақтастары арасында беделі жоқ",-деді.