Ғасеми: Иранның үш аралдың иесі екенінде еш күмән жоқ
(last modified Sun, 03 Mar 2019 08:43:43 GMT )
Нау 03, 2019 14:43 Asia/Almaty
  • Ғасеми:  Иранның үш аралдың иесі екенінде еш күмән жоқ

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Буәли, Тонб-е Кучек және Тонб-е Бозорг аралдарының Иранға тиесілі екенінде күмән жоқтығын айтып: «ИИР ешқашан осы кесімді тарихи құқығынан бір табан артқа шегінбейді»,-деді.

Баһрам Ғасеми  сенбі күні Абу-Дабиде Ислам ынтымақтастық  ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері отырысының соңғы күні болған оқиғаларды баяндап: «Құжаттар қарастырылып, бекітілетін отырыстың соңғы күні БАӘ-нің Сыртқы істер министрі «Абу-Даби баяндамасы» деген атпен мәтін ұсынып, отырысқа қатысушылардың пікірі мен көзқарасын сұрамастан, сол мәтінді отырыстың қорытынды баяндамасы ретінде таныстырып, бекіткісі келді.

БАӘ делегациясы тарапынан ұсынылған мәтінде бұл елдің Буәли, Томб-е Кучек және Томб-е Бозорг аралдарына иелік ету туралы уәждері айтылғандықтан ирандық делегация қатты наразылық білдіріп, жиналыстан шығып кетті. Отырыстың соңы қатысушылардың арасында реніш тудырып, басқа делегациялардың да жиналыстан біртіндеп шығып кетуіне себеп болды. Сөйтіп, БАӘ алдын ала белгілеген мақсаты мен заңсыз талабына қол жеткізе алмады»,-деді.

 

Тегтер