Санкциялар мұнай жобаларының дамуына әсер етпейді
(last modified Sun, 03 Mar 2019 13:04:06 GMT )
Нау 03, 2019 19:04 Asia/Almaty
  • Санкциялар мұнай жобаларының дамуына әсер етпейді

Иранның «Фалат Ғоре» мұнай компаниясының директоры Хамид Бурд санкциялардың мұнай жобаларының дамуына әсер етпейтінін, отандық мамандардың санкциялармен күресуге күш-қуаттарының жететінін хабарлады.

Парсы шығанағындағы мұнай ұңғымаларын дамыту және өндіруді өз міндетіне алған Иранның «Фалат Ғоре» мұнай компаниясының директоры Хамид Бурд жексенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың санкциялары қайта салынғаннан кейінгі мұнай жобаларының ілгерілеу үдерісі туралы айтқан сөзінде санкциялар салынғаннан осы күнге дейін компанияның жобаларды дамыту, сақтау және жөндеу сияқты әртүрлі салалардағы бағдарламаларында ешқандай өзгеріс болмағанын мәлімдеді. Хамид Бурд сөзінің жалғасында осы уақытқа дейін Иран мұнайының бір баррелінің де санкциялардан туындаған техникалық қиындықтардан азаймағанын айтып: «Тіпті, америкалық мұнай мамандарының пікірі бойынша, Иранның мұнай кен орындарын бұрғылай алатын адам әлемнің кез келген аймағында мұнай ұңғымаларын қаза алады»,-деді.