Теһран жұма намазаның құтпалары
(last modified Fri, 08 Mar 2019 15:48:34 GMT )
Нау 08, 2019 21:48 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазаның құтпалары

Теһран жұма намазының имамы Казем Седдиқи Иранның Ислам революциясын экспорттауына тоқталып, Қарсыласу ағымында революцияның дамуы, шекаралардың сәтсіздікке ұшырауы мен жетістіктерге жету байқалып отырғанын айтты.

Теһран жұма намазының имамы Казем Седдиқи шиіттердің бесінші имамы хазірет Бақердің (ғ.с.) туған күнімен құттықтап: «Әлемнің басқа революциялары, мәселен, Франция революциясының ұрандары уақыт өте өзгерді. Алайда, Иран Ислам революциясы өзінің басындағы мақсаттары мен ұрандарына сай өз жолын жалғастырып отыр»,- деді. Казем Седдиқи, сондай-ақ, дұшпанның Иранға қарсы мәдени шабуылына қатысты сөзінде діни оқу орындарының дұшпандардың жастардың иманы мен әйелдердің намысына қарсы шабуылдарымен күресу міндетіне ие екенін еске салды. Теһран жұма намазының имамы Ислам революциясы жетекшісінің «Революцияның екінші қадамы» деген мәлімдемесіне тоқталып, оны ислам революциясының өзгерістері мен жаңа қадамының негізі деп атады.