Иран мен Пәкістанның қарым-қатынасы – үлгі боларлық тарихи байланыс
ИИР Президенті Рухани Иран мен Пәкістан халықтарының қарым-қатынасын үлгі боларлық тарихи байланыс деп атап: «Екі елдің жоғары лауазымды тұлғалары кейбір елдердің құралына айналып отырған бірнеше лаңкеске Теһран мен Исламабад арасына іріткі салуға рұқсат бермеуі керек»,-деді.
Хасан Рухани сенбі күні Пәкістан Премьер-министрі Омран Ханмен телефон арқылы сұхбатында Иранның Пәкістан жерін Иран халқына шабуыл жасау үшін қолданатын лаңкестік топтардың қай аймақта орналасқанын білетінін айтып, Иранның Пәкістаннан лаңкестерге қарсы қатаң шара қолдануын күтетінін мәлімдеді.
Омран Хан Пәкістанның лаңкестер мен олардың жасырынған жерлерін анықтау жұмыстарының нәтижелі болып жатқанын айтып, ИИР Президентін Пәкістан үкіметі мен армиясының лаңкестерді жоюға бар күшін салып, оларға осы жерді көршілес елдерге, әсіресе Иран халқына қарсы қолдануына жол бермейтініне сендірді.