Рухани: Иран мен Ирактың қарым-қатынасын ешбір елмен салыстыруға болмайды
ИИР Президенті Рухани АҚШ Президентінің Иракқа жасаған жасырын сапарына тоқталып: «Иран мен Ирактың қарым-қатынасын Ирактың АҚШ сияқты басқыншы мемлекеттің қарым-қатынасымен салыстыруға болмайды»,- деп қуаттады.
Хасан Рухани бүгін, дүйсенбі күні Иракқа сапары алдында журналистерге берген сұхбатта АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағында жиіркенішті елге айналғанына тоқталып: «Америкалықтардың Ирак пен Сирия және аймақтағы басқа елдердің халықтарының басына жаудырған бомбалары еш уақытта ұмытылмайды»,- деді. Рухани бұл сапарында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, өнеркәсіптік қалашықтарды іске қосу, Иран-Ирак темір жолын салу, қоршаған орта мен шаң-тозаң, гигиена мен ем-дәрмен, транзит пен туризм және аймақтың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер туралы пікір алмасу өтетінін айтты.