Зариф: Иран Ауғанстан үкіметі мен халқына көмектеседі
(last modified Sun, 17 Mar 2019 13:45:39 GMT )
Нау 17, 2019 19:45 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран Ауғанстан үкіметі мен халқына көмектеседі

Иран Сыртқы істер министрі Теһранның әрдайым Ауғанстан үкіметі мен халқына көмектесуді мақсат тұтатынын айтты.

Иран СІМ-нің Ақпараттық дипломатия департаментінің хабарлауы бойынша,  Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні  Ауғанстан Президентінің бейбітшілік істері жөніндегі өкілі Мұхаммад Омар Давудзимен кездесуінде барлық істер бойынша қорытынды пікірді Ауғанстан халқы айтуы керектігін, Ауғанстан үкіметінің осы ел халқының өкілі ретінде шешім қабылдайтынын айтты.

Ауғанстан Президентінің бейбітшілік істері жөніндегі өкілі Давудзи Иранның осы елге қатысты оң әрі жанашыр ұстанымына алғыс айтып, елдегі бейбітшілік диалогының соңғы өзгерістерін баяндап, Ауғанстанда басты бейбітшілік келіссөздері осы ел үкіметі тарапынан жүргізілуі керектігін қуаттады.