«Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасынан кейін Иран мен Еуропа байланысында жаңа кезең басталды
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы күшіне енгізілгеннен кейін Иран мен Еуропа байланысында басталған жаңа кезеңді хабарлады.
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари тілшілермен өткізген апталық отырысында Еуропа Одағының сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могерини ханымның Иранға келетін сапарына сілтеме жасап: «Могеринимен бірге келетін Еуропа Одағы комиссияларынан тұратын үлкен делегацияның осы сапарында саяси мәселелер және өзге тақырыптар бойынша шынайы сұхбаттар болады» деді.
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Қазақстан республикасы Елбасының Иранға жасаған бүгінгі сапары жөнінде айтқан сөзінде екі елдің қос жақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастықтарына шолу жасалатынын мәлімдеді.
Иранның дипломатиялық аппаратының ақпарат хатшысы Италия үкімет басшысының Теһранға жасайтын сейсенбі күнгі сапары жөніндегі мәлімдемесінде ИИР президентінің осыдан бірнеше ай бұрын сол елге жасаған сәтті сапарына сілтеме жасап: «Ертеңгі сапарда жалпы кеңесулер орын алып, алдын ала түсіністіктерге шолу жасалады» деді.
Джабери Ансари БҰҰ бас хатшысының Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Стэффан де Мистураның Иранға сапары туралы: «13- ші сәуір күні Женевада "сириялық- сириялық" сұхбаттасулардың жаңа кезеңі өтеді. Иран өзінің тұрақты саясаты бойынша Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуді қалайды» деді.