АҚШ ирандықтардың байлығына қол сұға алмайтынын білуі тиіс
(last modified Thu, 28 Mar 2019 12:16:50 GMT )
Нау 28, 2019 18:16 Asia/Almaty
  • АҚШ ирандықтардың байлығына қол сұға алмайтынын білуі тиіс

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми бейсенбі күні Люксембург сотының Иран Орталық банкінің активтерін бұғаттан босату туралы үкіміне реакциясында: "АҚШ өтірік айту арқылы ирандықтардың байлығы мен мал-мүлкіне қол сұға алмайтынын білуі тиіс",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Баһрам Ғасеми АҚШ-тың әртүрлі тақырыптар және негізсіз айып жобалау арқылы басқа елдерге басқыншылық жасап, зорлық көрсететін дәуірінің аяқталғанын айтып: "АҚШ Президенті Дональд Трамп Иран мен оның ұлы халқының уақытша қауіпсіздік пен қолдауға ие болуы үшін өз елі мен жерінің байлығын бар ықыласымен америкалықтарға табыс ететін мемлекеттерден мүлде бөлек екенін білуі тиіс",-деді.

Люксембургтегі бір сот сәрсенбі күні АҚШ-тың Иранның активтерінен 1,6 млрд долларды тәркілеп, оны 2001 жылы 11 қыркүйекте болған лаңкестік шабуылда құрбан болғандардың туыстарына беру туралы өтінішін қабылдамады.

 

Тегтер