Сел апатындағы Иран халқының бауырмалдығы дұшпандардың қызғанышын тудырды
Иран Президенті Рухани сәрсенбі күні кешке дұшпандардың Иран халқы арасына іріткі салу мақсатында жуырдағы су тасқыны кезінде жасаған теріс жарнамаларына тоқталып: "Дұшпандардың қалауына керісінше Алла Тағала Иран халқының бірлігі мен ұлылығы әлем жұртшылығына паш етілетіндей жағдай жасады",-деді.
Хасан Рухани Иранның солтүстігіндегі Мазандеран облысының Төтенше жағдайды басқару және үйлестіру кеңесінің жиналысында: "Сел апаты Иран халқын қиыншылық пен қолайсыздыққа ұшыратты, алайда Иран халқы бұл оқиғада өздерінің махаббаты, ұлылығы, тілеулестігі мен бауырмалдығын тағы көрсетіп, дұшпандардың қызғанышын тудырды.
Америкалықтар мен сионистер бұл су тасқынын бір дау-жанжалға, шиіттер мен сүнниттер, түркімендер мен парсылар арасындағы жойқын селге айналдырып, Иран халқының үмітін жойғысы келді. Алайда мақсаттарына жеткен жоқ",-деді.
Рухани, сондай-ақ, АҚШ-тың Иранға қарсы әділетсіз санкцияларына тоқталып: "Иран халқы ешқашан басқыншылық пен зорлыққа бас иген емес, имейді",-деді.