Діни жетекші: АҚШ-тың Сақшылар корпусына қарсы қастандықтары нәтижеге жетпейді
Ислам революциясының жетекшісі америкалықтардың Сақшылар корпусына қарсы дұшпандығының себебін бұл Корпустың ел мен революцияны қорғауы деп атап: "АҚШ пен надан дұшпандардың Ислам республикасына қарсы әрекеттеріне қырық жыл болғанымен олар еш нәтижеге жеткен жоқ",- деді.
Аятолла Хаменеи Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хусейннің (ғ.с.) туған күні мен Сақшылар күніне орай бірқатар сақшы және олардың отбасыларымен кездесуінде Ислам революциясы Сақшылар корпусын әртүрлі салаларда дұшпанға қарсы тұратын күштердің бірі деп атап: "Сақшылар корпусы шекаралар және хазірет Зейнабтың кесенесінен бірнеше мың километр жерде дұшпанға қарсылық танытып жатыр. Сондай-ақ, саяси салада да дұшпанмен күресін жалғастыруда",- деді. Ислам революциясының жетекшісі америкалықтардың Сақшылар корпусына кек білдіруін дәл осы мәселемен байланыстырып: "Америкалықтар Сақшылар корпусына қарсы шығып, негізінде революция мен Иранға қарсы әрекет етіп отыр. Олардың қастандықтары нәтижеге жетпей, өздеріне қайтып оралады. АҚШ-ты басқарып отырған Трамп пен оның қасындағы ақымақтар құрдымға қарай құлдырап барады",- деді.
Аятола Хаменеи Ислам республикасына қарсы қырық жылдық қастандықтарға қарамастан Ислам революциясының ілгерілей түсуін америкалықтардың Иран халқы дамуына тосқауыл қоя алмауының белгісі деп атап: "Иран дұшпандары қырық жыл бойы біздің халқымызға қарсы саяси, экономикалық салалар мен үгіт-насихаттық тұрғыдан қысым жасап келеді. Бірақ, тіпті Ислам республикасы енді құрылған кезде де еш нәрсе жасай алған жоқ",- деді. Аятолла Хаменеи ИИР-ның аймақтағы құдіреті мен айбынын қуаттап: "Дұшпанның пікіріне қайшы, исламдық жүйенің бүгінгі ғиззаты мен құдыреті атом бомбасымен байланысты емес. Өйткені, біз басынан бастап, ядролық қарудың біздің діни негіздерімізге қайшы екенін әрі оны қажет етпейтінімізді қуаттадық. Сондықтан Иран халқының ислам әдеміндегі айбыны мен абыройы халқымыздың табандылығы, жанкештілігі және қырағылығымен байланысты",- деп баса айтты.