Рухани: АҚШ Сақшылар корпусын лаңкес деп атап, өз сәтсіздігінің орнын толтырғысы келеді
Иран Президенті Рухани Сақшылар корпусының аймақтағы лаңкестіктің тамырын жойғанын қуаттап: «Әлемдік үстемшілдік пен АҚШ Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкес деп атауымен Иран халқынан жеңілгенінің орнын толтырып, өш алғысы келеді»,- деді.
Хасан Рухани бүгін Иранның ядролық технология күніне орай өткен рәсімде осы күннен бастап Иран мен аймақ халықтарының Сақшылар корпусына деген сүйіспеншілігінің артатына тоқталып: «Ислам революциясы Сақшылар корпусы – АҚШ пен сионистердің кегі мен ашу-ызасының себебі. Өйткені, әрқашан аймақ халықтарының қасында болып, қарсыласу ағымының туын көтерді. АҚШ өзі әлем лаңкестерінің көшбасшысы болып отырған жағдайда әлемнің революцияшыл органдарын лаңкес деп атайды»,- деді.