Иран аймақтың қауіпсіздігін бірінші бұзбайды
Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатами өз елінің аймақ қауіпсіздігін бірінші болып бұзбайтынын, бірақ қоқан-лоққы жасалса, жауап қайтаратынын қуаттады.
Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы Амир Хатами Majles ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне енгізу әрекетіне реакция білдіріп: «Егер Ислам революциясының Сақшылар корпусы аймақтағы лаңкестермен күреспегенде, қазір әлемнің жағдайы өзгеше болатын еді»,- деді. Бригада генералы Амир Хатами АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы шешіміне қатысты Теһранның қолданатын шарасына тоқталып, Иранның Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктерінің халықаралық қауымдастыққа АҚШ-тың үстінен шағым түсіретінін айтты.