АҚШ-тың Сақшылар корпусына қарсы әрекеті жауапсыз қалмайды
(last modified Wed, 10 Apr 2019 13:35:14 GMT )
Сәу 10, 2019 19:35 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Сақшылар корпусына қарсы әрекеті жауапсыз қалмайды

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Амоли Лариджани Иранның АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы әрекетін жауапсыз қалдырмайтынын қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, аятолла Садық Амоли Лариджани Сақшылар корпусының ислам республикасы жүйесінің мақтанышы екенін баса айтып: «Ислам республикасының дұшпандары бұл әрекетімен Иран халқын бағындырғысы келеді. Алайда, олар өткен қырық жылдағыдай сәтсіздікке ұшырайды. Америкалықтар Сақшылар корпусына қарсы әрекет жасағысы келсе, Ислам республикасы оларға қарсы әртүрлі шара қолданады»,- деді.