Зариф: Қазақстан – Иранның жақсы досы
Иран Сыртқы істер министрі Зариф Қазақстанды ИИР-ның өте жақсы досы деп атады.
ИИР СІМ-нің ақпараттық дипломатия департаментінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Теһранда Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеубердімен кездесуінде Иран мен Қазақстанның қарым-қатынасын дамытуды өте маңызды деп бағалады.
Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді де Иранды аймақтағы маңызды елдердің бірі деп атап, Қазақстанның Иранмен қарым-қатынасты кеңейтуді мақсат тұтатынын мәлімдеді.
Зариф пен Тілеуберді, сондай-ақ, екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, экономикалық ортақ комиссия құру, транзит, консулдық әріптестіктер, АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкциялары, АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы жауластық әрекетінің қатерлі салдарлары, тасымал дәліздері, Тәжікстанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің конференциясын өткізу, Қазақстанның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдауы жайында пікір алмасты.