Сәу 17, 2019 16:41 Asia/Almaty
  • Моусави: АҚШ болмысының өзгеруі әлемдік талапқа айналды

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Моусави АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы уәждеріне реакция білдіріп: «Халықаралық қауымдастықтың АҚШ-тың әрекеттеріне қарсылықтарының артуына байланысты бұл елдің болмысының өзгеруі әлемдік талапқа айналды»,- деді.

Сейед Аббас Моусави сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Уақыт өткен сайын АҚШ-тың қазіргі режимі өз ой-пікірлерін анығырақ және артығырақ білдіріп, енді Иранның болмысын өзгерту туралы уәж айтуда. Экономикалық лаңкестікпен айналысуы, Батыс Азиядағы қарапайым халықты қыру үшін миллиардтаған долларға қару экспорттауы, соғыс қылмыскерлері мен тілшілерді өлтірушілерге қарсы әділетті іске асыруға тыйым салуы, халықаралық тәртіп, бейбітшілік пен тұрақтылыққа қоқан-лоққы көрсетуі, сондай-ақ, қоршаған орта, адам құқығы, халықаралық қоғамның құндылықтары және халықаралық құқықтармен санаспауына байланысты АҚШ болмысын өзгертуге міндетті»,- деді.

 

Тегтер