Теһран жұма намазы
(last modified Fri, 19 Apr 2019 14:08:51 GMT )
Сәу 19, 2019 20:08 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазы

Теһран жұма намазының имамы қарсыласу ағымының лаңкестік топтарды жеңуі мен АҚШ-тың аймақтағы сәтсіздігінің Ақ үйдің Иранға ашу-ызасының себебі екенін қуаттады.

Казем Седдиқи бүгіні Теһран жұма намазының уағыздарында АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестер тобы тізіміне  енгізу әрекеттері туралы: «Иран Сирия мен Ирактағы лаңкестік топтарды сәтсіздік  ұшыратып, АҚШ-тың аймақтағы саясаттарына күмән тудырды»,- деді.  Седдиқи АҚШ-тың басқа елдерге Иранда селден зардап шеккендерге көмектесуге кедергі келтіргенін сынап: «АҚШ-тың бұл әрекеті Вашингтонның Иран халқына қарсы дұшпандығын тағы көрсетті»,- деді. Теһран жұма намазының имамы, сондай-ақ, кейбір еуропалық мемлекеттердің, америкалықтардың араласу әрекеттері туралы: «Еуропалықтар қиындық туғанда  Иранды жалғыз қалдырып отыр. Сондықтан еуропалықтардың әрекеттеріне қатысты қырағы болу керек»,- деп баса айтты.  

Теһран жұма намазына қатысушылар жұма намазынан кейін АҚШ-тың адамгершілікке жат саясаттарын айыптайтын ұрандар айтты.