Пәкістан Премьер-министрінің Теһран сапары – екіжақты әріптестіктегі жаңа тарау
(last modified Sun, 21 Apr 2019 11:51:40 GMT )
Сәу 21, 2019 17:51 Asia/Almaty
  • Пәкістан Премьер-министрінің Теһран сапары – екіжақты әріптестіктегі жаңа тарау

Пәкістан Премьер-министрі Имран Хан жексенбі күні ИИР Президентінің ресми шақыруымен екі күндік сапармен Теһранға келеді.

Пәкістан СІМ-нің мәлімдемесі бойынша осы елдің Премьер-министрі Теһранға келмес бұрын Иранның шығысындағы Мешхед қаласында біраз аялдайды.

Пәкістан Премьер-министрі бастаған жоғары мәртебелі делегация осы елдің қаржы, құқық, әлеуметтік қамту, теңіз күштері, штаттар ісін үйлестіру министрлері мен сауда министрінің бірінші кеңесшісі және Исламабад үкіметінің бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларынан тұрады.

Бұл сапардың маңыздылығын сауда-экономикалық қарым-қатынас бөлімінен байқауға болады. Экономикалық аспектімен қоса, лаңкестікпен күрес саласында әріптестік жасау және екі елдің ортақ шекараларында қауіпсіздікті арттыруға талпыну да осы сапар барысындағы келіссөздерде талқыланатын маңызды тақырыптар болмақ.   

Сапар қарсаңында Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Пәкістан Сыртқы істер министрі  Шаһ Махмуд Ғорейши телефон арқылы сұхбатта екі елдің әртүрлі салаларда, соның ішінде лаңкестікпен күрес саласындағы әріптестіктерін талқылады.

Осы орайда, Иран мен Пәкістан қауіпсіздік, лаңкестікпен күрес және мағлұматтармен алмасу салаларында екіжақты ынтымақтастық  жасау үшін бір жан-жақты әскери ая қалыптастыруда түсіністікке қол жеткізді.

Пәкістан армиясының қолбасшысы генерал Камар Джавид Баджваның х.ш.ж.с.б. 1396 жылы күзде Иранға сапары, соның артынша ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал Мохаммад Бағеридің Пәкістан сапарында осы аяда арнайы жолдаулар болды.  

ИИР Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал Мохаммад Бағери Азияның оңтүстік-батыс аймағында қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы туралы: «ИИР қоқан-лоққыларға қарсы тұруда маңызды жауапкершілікке ие. Қауіпсіздік орнтатудың сенімді жолы – аймақ елдерінің әріптесіп, бір-бірінің әлеуеттерін қолдануы»,-деді.

Лаңкестер осы уақытқа дейін бірнеше рет Пәкістан жері арқылы ирандық шекарашыларға шабуыл жасады. Бұл екі елдің әріптестігін, әсіресе Пәкістан тарапының лаңкестермен күресте әсерлірек шара қолдануын қажет етеді.

Саяси сарапшы Хесам Киан Моқаддам осы жайлы бір жазбасында: «Имран Ханның Иран сапарының мерзімі жарияланғалы бері Сауд режимімен қаржы және идеологиялық тұрғыдан байланыстағы экстремистік топтардың Пәкістанның Белучистан штатындағы белсендігі қатты күшейіп кетті»,-деп жазды.

Бұл сарапшының пікіріне сәйкес, Сауд Арабиясының айуандық әрекеттерін ескеріп, одан басқа ештеңе күтуге болмайтынын білсек те, бұл оқиғалардың ескерту екені анық. Яғни, Сауд Арабиясының мақсаты – екі елдің қарым-қатынасын бұзу, сондай-ақ аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын бұзу.

Иран мен Пәкістан екі көршілес мұсылман ел ретінде екіжақты қатынасты дамытуға және аймақтық дағдарыстарды шешуге қатысты ортақ ұстанымдарға ие. Бұл көзқарастар көңіл аударуға тұрарлық.