Иран мен Пәкістан ортақ шекаралардағы әрекеттерге жылдам әрекет көрсететін күштерді құруға шешім қабылдады
ИИР Президенті Хасан Рухани Теһран мен Исламабад шекараларындағы лаңкестікпен ортақ күресу үшін жылдам әрекет ететін күштер құру туралы шешім қабылдағандарын қуаттады.
Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Пәкістан Премьер-министрі Имран Ханмен өткізген ортақ баспасөз отырысында Иран мен Пәкістанның екі елдің қауіпсіздік ынтымақтастықтарын арттыруға келіскені туралы хабарлады.
Пәкістан Премьер-министр Имран Хан да ортақ баспасөз отырысында Иранның Батыс Азия аймағындағы рөліне тоқталып, Теһран мен Исламабадтың Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнатылуында маңызды рөл атқара алатынын мәлімдеді. Ол АҚШ-тың Құдсты сионистік режимнің астанасы, Голан жоталарын осы режимнің меншігі деп ресми жариялауын БҰҰ-ның қарарларын әшкере бұзу деп атап, шешімді адам құқықтарын бұзу деп қуаттады. Пәкістан Премьер-министрі Кашмир мәселесі туралы сөзінде: "Кашмир мәселесі әскери жолмен шешілмейді. Егер бұл мәселе шешілсе, аймақтағы сауда байланыстары дамиды",- деді.