АҚШ-тың Иран халқына қарсы қастандықтары сәтсіздікке ұшырайды
https://itolqyn.com/news/iran-i41914
ИИР Президенті Рухани америкалықтардың өткен 40 жылда күн сайын Иран халқына қарсы жаңа бір қастандықты іске асырғанын, бірақ олардың үнемі сәтсіздікке ұшырағанын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 24, 2019 19:22 Asia/Almaty
  •  АҚШ-тың Иран халқына қарсы қастандықтары сәтсіздікке ұшырайды

ИИР Президенті Рухани америкалықтардың өткен 40 жылда күн сайын Иран халқына қарсы жаңа бір қастандықты іске асырғанын, бірақ олардың үнемі сәтсіздікке ұшырағанын қуаттады.

Иран Президенті Хасан Рухани бүгін, сәрсенбі күнгі Үкімет отырысында осы күнге дейін халықаралық және аймақ деңгейіндегі саяси және үгіт-насихат салаларындағы АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттерінің нәтижеге жетпегенін баса айтып, Иран халқының АҚШ-тың заңсыз әрекеттеріне табандылық танытып, қарсыласатынын қуаттады. Рухани Иранның АҚШ-ты өзінің заңсыз әрі әділетсіз әрекеті үшін өкіндіретіндігіне сендіріп: "Иран халқының әрбір қадамына қысым жасағысы келетін дұшпанға қате жолды таңдағанын түсіндіру керек",- деді. Иран Президенті АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранның мұнай экспортын мүлдем тоқтату туралы шешімін қабылдауға болмайтынын, Иранның әртүрлі жолмен өз мұнайын сататын мәлімдеді.