Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазының қауіпсіздігін бұзуға жол бермейді
(last modified Thu, 02 May 2019 15:58:17 GMT )
Maм 02, 2019 21:58 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазының қауіпсіздігін бұзуға жол бермейді

Иран Сыртқы істер министрі Зариф ИИР-ның АҚШ-қа Ормуз бұғазының қауіпсіздігін бұзуға жол бермейтінін баса айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Катардың астанасы Дохада өткен Азиядағы ынтымақтастық диалогы ассамблеясы аясында Al-Jazeera телеарнасына берген сұхбатында: "АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтонның Иранмен соғысуды көздейтіні жаңа мәселе емес. Өйткені, ол 2015 жылы New York газетінде Иранға ядролық соғыс ашу туралы қоқан-лоққы жасаған болатын",-деді.

Зариф Теһранның Вашингтонмен текетіресті күшейтуді қаламайтынын айтып: "Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы – Иран үшін маңызды тақырып. Иран барлық елдердің кемелерінің еркін әрі қауіпсіз қатынауын қалайды",-деді.