Рухани: Тізе бүгу ирандықтардың діні және мәдениетімен үйлеспейді
Maм 12, 2019 15:49 Asia/Almaty
ИИР Президенті сенбі күні кешке дұшпандардың исламдық Иранға қарсы саяси-экономикалық қысымдарына тоқталып: "Иран халқы ешқашан қысымдарға тізе бүкпеген, бүкпейді де",-деді.
Иран Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани Иранның саяси белсенділерінің бір тобымен кездесуінде: "Тізе бүгу ирандықтардың діні және мәдениетімен үйлеспейді",-деді.
ИИР Президенті осыдан бұрынырақ Иран халқының зорлықшыл басқыншыларға ешқашан бас имегенін және имейтінін айтып, ирандықтардың ерік-жігер күресінде АҚШ-ты жеңіліске ұшырататынын мәлімдеді.
АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Иранға қысым жасау үшін жан-жақты майдан ашты.
Тегтер