Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының уақытша құтпагері Ислам революциясының ойлары мен қарсыласу өзегінің даму үстіндегі құдірет екенін айтып: "Бұл ой исламның айбынын арттырып, АҚШ-тың аймақтағы ықпалын азайтуға жол ашты",-деп қуаттады.
Мұхаммад Хасан Абуторабифард ислам қоғамындағы экономиканы маңызды да өзекті деп атап: "ИИР 40 жыл санкция көрсе де, экономика саласында ірі қадамдар жасады. Ирандағы экономикалық инфрақұрылымның көбі дамыған елдерде де жоқ",-деп қуаттады.
Теһран жұма намазының уақытша құтпагері: "Иранға қарсы санкцияларды ұсынған АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғалары бүгінде Иран өз әлеуеттерін қолданғанда санкциялардың әсерсіз боларын мойындады",-деп еске салды.
Абуторабифард: "Америкалықтар кедейлікке белшеден батқан. Ал Иран айбынды, өйткені дұрыс жолда қадам басып келеді, оның ішкі қуаты нығая түсуде. Ол бір ірі экономикалық қуатқа айналады",-деді.