Рухани ислам елдері басшыларын Ораза айтымен құттықтады
Иран Президенті сейсенбі күні кешке жеке-жеке хат жолдап, ислам елдері басшыларын Ораза айтымен құттықтады.
Иран Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани бұл жолдауларда көкірек көздері ояулардың мейрамы Ораза айтымен құттықтап, осы мейрамнан алынатын рухани берекенің арқасында ислам үмбетінің тілеулестігі мен бірлігі күн сайын артып, кекшілдік пен жікшілдік жойылып, үстемшілдердің қолы қысқарып, бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық орнап, сақталуына куә болармыз деп үміт білдірді.
ИИР Президенті, сондай-ақ, әлемнің барша мұсылмандарын, әсіресе Иран халқын Ораза айтымен құттықтап, бұл айттың ұлттардың тілеулестік мерекесі, мұсылмандар айбынының көрінісі және ислам үмбеті бірлігінің белгісі деп атады.