Рухани: Иран халқы дұшпанға қарсы күресті жеңеді
https://itolqyn.com/news/iran-i42468
ИИР Президенті жамандық тілеушілердің Иранға қарсы соғысын ерік-жігерлер соғысы деп тауып, Иран халқының дұшпандарды өз мақсаттарына жетуіне үмітсіздентіретінін және ерік-жігер соғысын жеңетінін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 18, 2019 15:41 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран халқы дұшпанға қарсы күресті жеңеді

ИИР Президенті жамандық тілеушілердің Иранға қарсы соғысын ерік-жігерлер соғысы деп тауып, Иран халқының дұшпандарды өз мақсаттарына жетуіне үмітсіздентіретінін және ерік-жігер соғысын жеңетінін қуаттады.

Хасан Рухани бүгін, сейсенбіде имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайындағы «Салам» жолаушы тасымалдау аялдаманың іске қосылу рәсімінде: «Дұшпанның қысымдарына қарамастан Иран халқы күн сайын жаңа экономикалық жетістіктер мен үлкен қоғамдық әрекеттердің куәсі болуда»,- деді.  Рухани АҚШ-тың Иранның әлем елдері арасындаы қарым-қатынастарын тоқтату талпынысының нәтижеге жетпегеніне сілтеме жасап: «АҚШ-тың талпыныстарына қарамастан ирандық басшылар барлық халықаралық отырыстарда өздерін көрсетіп, Иранның басқа елдермен қарым-қатынастары жақсы»,- деп баса айтты.

Рухани Иранның транзит жолдары, әсіресе  Чабахар порты мен әуе тасымаладу жолдарының дамуы туралы: «Иранның әуе бағыттарының әлемдік дәліздердің бірі саналуы Ислам республикасының транзиттік құдыретін білдіреді»,- деп қосты.