Ғарибабади: Иранның байытылған ураны қорын арттыруы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына сәйкес
(last modified Tue, 02 Jul 2019 08:08:45 GMT )
Шіл 02, 2019 14:08 Asia/Almaty
  • Ғарибабади: Иранның байытылған ураны қорын арттыруы   «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына сәйкес

Венадағы халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты өкілі Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында белгіленген байытылған уран қорының мөлшерінен асуы туралы мәлімдемесіне реакция білдіріп, Иранның байытылған ураны қорын арттыруының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына сәйкестігін қуаттады.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Казем Ғарибабади: «Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 26 және 36-шы баптары бойынша, 2019 жылдың 8 мамырынан бастап, аталмыш келісімдегі міндеттемелерін азайтуды бастады»,- деді. Ғарибабади АҚХА Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болуы туралы 15 мәлімдемесіне тоқталып: «Иран ізгі ниетімен ядролық мәселеге қатысты келіссөздерге қатысып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталған келісімге қосылып, бұл келісімге табанды болып, өзінің барлық міндеттемелерін орындады»,- деп баса айтты. Ол: «Егер еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалғылары келсе, шынайы әрекеттенуді бастаулары керек. Еуропалықтар әсіресе қаржы және Иран мұнайын сатып алу міндеттемелерін іске асырса, Иран олардың амалдарына сай өз міндеттемелеріне оралады»,- деп қосты.