Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Ауғанстан үкіметі мен халқының қайғысына тілектестік білдірді
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Ауғанстан үкіметі мен халқына қайғысына тілектестік білдіріп, Кабулда дүйсенбіде орын алған лаңкестік әрекеттерді айыптады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Әли Шамхани ауғандық әріптесіне жіберген жолдауында: «Әрине тәкфиршіл ой-пікірлерге тәуелді экстремистік топтардың қауіп-қатерлі әрекеттері тек шекаралас елдердің ерік-жігері және өзара шынайы ынтымақтастықтары, сондай-ақ лаңкестікке қарсы шынайы күрестің арқасында ғана тоқталады. ИИР Ауғанстанға тұрақтылық пен қауіпсіздікті қайтарып, оқиғада зардап шеккендерге көмек жіберуге дайын екенін жариялады»,- деді.
Талибандар дүйсенбі, таңертен Ауғанстан Армиясы күштеріне қолдау көрсететін орталыққа бомба орнатылған көлікпен шабуыл жасап, кейін бұл қарулы күштер ауған қауіпсіздік күштерімен қақтығысты. Кабулдегі бейберекеттерде 36 адам қаза болды. Ауғанстан Денсаулық министрлігі Кабул қақтығыстарында жараланғандардың санының 93 адамнан асқаны және кейбір жарақат алғандардың жағдайының өте нашар екені туралы жариялады.