Иран байытылған уранының мөлшерін 300 кг асырды
Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының 36-шы бабы бойынша, байтылған уранының мөлшерін 300 кг асырды.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбіде журналистердің алдында: "Иран бұрыннан жариялаған анық бағдарламасына сай «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін азайтады. Иран осы кезде уранды 3,67 пайызға байытып отыр, енді бұл деңгейді арттырады",- деді. Иранның байытылған уран қорын арттыру шешімі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының бабы бойынша қабылданды, сондықтан бұл келісімді бұзу болып саналмайды. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы кейбір міндеттемелерін азайту мен бұл келісім бойынша тоқтатылған ядролық жұмыстарының бір бөлігін қайта бастау Иранның АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы мен еуропалық мемлекеттердің өз міндеттемелерін орындамауына реакциясы болды. Осы кезде ауыр су мен байытылған уран қорының артуы туралы маңызды хабар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойған елдергі жарияланды. Кейбіреулердің пікірінше, қазыіргі жағдайда Теһранның аяқ-қолы байлаулы. Шын мәнінде бұл шешім Иранның іске асыра алатын кең ауқымды әрекеттерінің тек бір бөлімі. Халықаралық істер маманы Сабах Зангане: "Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының негіздерінше амал етіп отырған жағдайда, оның бүкіл мүмкіндіктерін пайдалану құқыға ие. Осыған орай "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы артық міндеттемелерінен бас тарта алады және бұл шешім келісімнің негіздеріне қайшы емес",- деді. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бойынша, Иран байытылған уранның 300 кг ие болып, одан артық мөлшерін басқа елдерге экспорттауға міндетті. Бірақ АҚШ санкцияларымен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толық тоқтатқысы келеді. Бұл жобаның екі мақсаты бар. Бірінші мақсаты – Иранды уран байыту жұмыстарын тоқтатуға мәжбүрлеу. Бірақ бұл мақсат басынан сәтсіздікке ұшыраған болатын. Екінші мақсаты – Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзуы туралы жаңа уәждерді тарату. Негізінде Иранның шешімі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қарастырылған баптарға сай.
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Сейед Аббас Арақчи: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бойынша, ауыр судың 130 тоннасы мен байытылған уранның 300 кг артығын басқа нәрсеге айналдыруымыз немесе сатуымыз керек. Бірақ АҚШ "басқалардың Ираннын сатып алу құқығы жоқ" деп уәжденіп, бұл өндірісті тоқтатқысы келеді. Біз "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды болғанымыздан, егер сата алмасақ, өндірісті тоқтатуға міндетті боламыз. Жаңа шешім бойынша біз өндірісімізге тыйым салмаймыз және өндірілген нәрсені сатпаймыз, біз олардың қорын арттырамыз",- деді.