Шіл 06, 2019 13:14 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың АҚХА Басқармалар кеңесі отырысын өткізу  ұсынысын «тарихтың трагикомедиясы» деп атады

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты өкілі жұма күні кешке АҚШ-тың Иранның ядролық жұмыстары туралы Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) Басқармалар кеңесі отырысын өткізу ұсынысын «тарихтың трагикомедиясы» деп атады.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты өкілі өз мәлімдемесінде АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан заңсыз шығуы мен Вашингтонның халықаралық келісімді бұзуға итермелеп, басқа елдерге қысым көрсетуіне тоқталып: «АҚШ-тың әрекеттері, әсіресе Басқармалар кеңесі отырысын өткізу ұсынысы бұл елдің жан-жақты ұстанымның алдындағы оқшаулануы мен халықаралық мәселелердегі заңның билігін көрсетеді»,- деді. Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты өкілі АҚШ-тың бұл ұсынысының Басқармалар кеңесі және оның протоколдарына қатысы жоқ екеніне сілтеме жасап: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуына байланысты мәселелер келісімге қатысты механизмдер негіздерінше қарастырылады»,- деп қосты.

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Джек Уолкотт Иранның ядролық жұмыстары туралы АҚХА Басқармалар кеңесі отырысын өткізуді ұсынды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

 

Тегтер