Рухани: Еуропа Одағы халықаралық келісімдердегі міндеттерін орындауы керек
ИИР-ның президенті Хасан Рухани сенбі күні түнде Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сұхбатта еуропалықтардан халықаралық келісімдер мен БҰҰ-ның Жарғысына қатысты міндеттерін орындауды сұрады. Бұл туралы Иран президентінің Ақпарат тарату торабы хабарлайды.
Хасан Рухани телефон сұхбатында франциялық әріптесінің «Ортақ қадам» келісімін сақтап қалуды қуаттайтынын тілге тиек етіп, Иранның өткен 14 айда Американың барлық қысымдары мен санкцияларына қарамастан, стратегиялық сабыр шеңберінде келісімді сақтауға күш салғанын мәлімдеді.
ИИР президенті халқына қарсы Американың экономикалық қысымдарын лаңкестік әрекет, кең масштабты экономикалық соғыс деп атап, экономикалық соғыстың жалғасуы аймақ пен әлемді келесі сын-қатерлермен бетпе-бет келтіретінін қуаттады.
Франция президенті де Еуропа Одағының Америка «Ортақ қадамнан» шыққанның басынан-ақ, бұл әрекетке қатаң қарсы болғанын, одақтың келісімді сақтап қалуға мүдделі екенін, сол себепті осы жолда бар талпынысын іске жұмылдырып отырғанын баса айтты.