Шіл 11, 2019 18:15 Asia/Almaty
  • Джаһангири: АҚШ-тың қоқан-лоққыларын жауапсыз қалдыруға болмайды

Иран Вице-президенті АҚШ-тың Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс аймағы қауіпсіздігін бұзғысы келетінін қуаттады.

«Пресс тудейдің» мәліметінше, Исхақ Джаһангири Теһранда елдің түпкір-түпкірінен жиналған қолбасшылар басқосуында: «Теңгерімді бұзғысы келетін АҚШ-тың алдында біздің халқымыздың өмірін қорғау талпынысымыз – табиғи мәселе. АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуымен Иранның жағдайы нашарлайды деп ойлады. Бірақ бұл мәселе де сәтсіздікке ұшырады. Иранның мұнай экспортын мүлдем тоқтату және экономикасын ыдырату әрекеттері де нәтижеге жетпеді. Америкалықтар көптеген саяси дәлелдерімен Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс қауіпсіздігін бұзғысы келеді. Өйткені сионистік режим тек қатерлі кеңістікте өмірі сүре алады»,- деді.                                                                                                                                                                                                                                                                                  

Тегтер