Иран Трамптың Ауғанстан халқына қарсы нәсілшіл сөздеріне реакция білдірді
(last modified Wed, 24 Jul 2019 06:50:21 GMT )
Шіл 24, 2019 12:50 Asia/Almaty
  • Иран Трамптың Ауғанстан халқына қарсы нәсілшіл сөздеріне реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ Президентінің Ауғанстан халқына қарсы нәсілшіл сөздерін айыптады.

Сейед Аббас Мусави сәрсенбіде АҚШ Президентінің Ауғанстан халқына қарсы нәсілшіл сөздерін айыптауымен бірге бұл сөздерді халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін қоқан-лоққы деп тауып: «ИИР әрқашан бауыр әрі көршілес Ауғанстан халқы,  үкіметі және зиялыларымен бірге»,- деді.

АҚШ Президенті 22 шілдеде Пәкістан Премьер-министрі Имран Ханмен Вашингтондағы кездесуінде егер қаласа, бір аптада Ауғанстан соғысын аяқтата алатыны, бірақ 10 миллион ауған халқының қырылатыны туралы уәжденді. Ауғанстан Президенті кенсесі мәлімдеме шығарып, Вашингтоннан АҚШ Президентінің сөздерін түсіндіруді сұрады.