Рухани: Америкалықтар Иран халқының табандылығына қайран қалып отыр
(last modified Thu, 01 Aug 2019 11:32:31 GMT )
Там 01, 2019 17:32 Asia/Almaty
  • Рухани: Америкалықтар Иран халқының табандылығына қайран қалып отыр

ИИР Президенті: "Иран халқына жамандық тілеушілер өткен жылы Иранның тәуелсіздігіне нұқсан келтіреміз деп уәж айтқан, алайда бүгін Иран халқының табандылығына қайран қалып отыр",-деді.

Хасан Рухани бейсенбі күні Иранның солтүстік-батысындағы Шығыс Әзірбайжан облысында "Харрис" аралас циклді электр стансасының газ бөлімін ашу салтанатында Иранға санкция салуды америкалықтардың моральдық, саяси және құқықтық тұрғыдан жеңіліске ұшырағаны деп атап: "Иранға санкция салу АҚШ-тың халықаралық ұйымдар, БҰҰ мен Иран халқы алдында жеңіліс тапқанымен бірдей",-деді.

ИИР Президенті америкалықтардың Иранға санкция салу арқылы тек жеңіліс көретінін айтып: "Дұшпандардың шарасыз халге түскені соншалықты, Иран Сыртқы істер министріне санкция салды. Олар Мұхаммад Джавад Зариф сияқты батыл әрі беделді дипломаттың қисынды сұхбаттарынан қорқады",-деді.   

Рухани алдағы айларда Иранның әуе-ғарыш өнеркәсібінде, әсіресе әуе қорғаныс саласында ірі жобалардың іске қосылатынын айтып: "Дұшпанның қысымы мен санкциясына ұшырап отырған жағдайда ірі жобаларды іске қосу мақтаныш тудырады",-деді.