Иран Қорғаныс министрінің орынбасары: «Бовар 373» АҚШ тың «Патриот» зымырандық кешенінен мықтырақ
Иран Қорғаныс министрлігінің электроника өнеркәсібі ұйымының басшысы: «Бовар 373» зымырандық кешені ирандық ғалымдардың білімі мен дарының арқасында 100 пайыз елде жобаланып, жасалды», деді.
Генерал Шахрух Шахрам бейсенбі күні кешке бір телеарнаға берген сұхбатында: «Шағын кешендерден тұратын бұл алпауыт кешен қозғалмалы. С-300 кешенімен салыстырғанда анықтау және қақтығысу ұзақтығы, соғысу‑жою қуаты жөнінен мықтырақ»,‑деді.
Ол: «Бұл алпауыт кешенде бір іздеуші радар бар. Оның сигнал қабылдау ұзақтығы 320 км‑ден асады. Тағы бір аңшы радар бар, оның ұзақтығы 250 км‑дан асады. Ол жоғары дәлдікпен нысананы бақылайды»,‑деді.
Генерал Шахрух Шахрам «Бовар‑373» зымырандық кешенінің АҚШ‑тың «Патриот» зымырандық кешенінен мықтырақ екенін айтып: «10 мыңнан аса «алман» көзі бар бұл кешен баллистикалық зымырандарға қарсы қолданылады. Әрбір көз бір радар болып саналады»,‑деді.