Иран халқына қарсы санкциялар – адам құқығын АҚШ әдісімен бұзу
(last modified Fri, 13 Sep 2019 13:11:20 GMT )
Қыр 13, 2019 19:11 Asia/Almaty
  • Иран халқына қарсы санкциялар – адам құқығын АҚШ әдісімен бұзу

Женевадағы БҰҰ еуропалық кеңсесіндегі Иранның өкілі санкциялар мен адам құқығын біржақты пайдалану әрекеттердің теріс әсерлерін адамзатқа қарсы қылмыс деп тапты.

 

Исмаил Бақаи Хамане бейсенбіде Женевадағы БҰҰ адам құқығы кеңесінің  біржақты отырысында: «Өздерін санкциялар ұстазы деп таныстыратындарды адам құқығын бұзушылар және жазықсыз науқастар, олардың ішінде балаларды өлтірушілер  деп таныстыру қажет»,- деді.  

Санкциялар мен саяси қысым – АҚШ үкіметінің Иранға қарсы қолданып отырған екі құралы. АҚШ үкіметі бұл құралдарды пайдалану арқылы Иран халқы мен үкіметінің саясатын өзгертуге талпынуда. Иран халқы Ислам революциясы  жеңіснің арқасында тәуелсіздік пен ирандық болмысына жетіп, Ислам революциясы белгілеген негіздерге сай әрекеттенді. Иранның   тәуелсіз іс-қимылы мен тәуелді болмауы АҚШ  үкіметтерінің санкцияларды пайдаланып, Иранның тәуелсіз халқының саясатын өзгертуге кірісуіне сылтау болды. Бұл саясат АҚШ Президенті Дональд Трамптың үкіметінде жоғары деңгейіне жетіп, әртүрлі санкциялармен бірге қысымдарды арттырып, Иран халқына қарсы соғысқа жетті.  Трамп үкіметі санкцияларымен Иран халқының тұрмысына әсерін тигізді. Сондықтан бұл саясат әртүрлі, атап айтқанда экономикалық және әлеуметтік салалардағы адам құқығын бұзу саналады. Басқаша айтқанда АҚШ-тың қазіргі санкциялары Иран халқына соққы келтіруді көздейді. Бұл салада БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш өткен аптадағы мәлімдемесінде АҚШ-тың 2018 жылдан бері Иранға қатысты 700 адам, ұйым, әуе компаниясы мен кеме-қатынасына санкция енгізгеніне тоқталып: «Бұл санкциялар Ирандағы адам құқығы  жағдайына, олардың ішінде экономикалық, қоғамдық және мәдени құқыларға теріс әсерін тигізді»,- деді.  Трамп үкіметінің Иран халқына деген дұшпандылығы дәрі-дәрмек санкцияларымен толық әшкереленді. Гуманитарлық көмек заңдары бойынша, дәрі-дәрмекке санкция енгізу адам құқығының басты негіздерін бұзу болып табылады.  АҚШ-тың заңсыз әрі біржақты санкцияларына байланысты дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтарға санкцияның енгізілуі Иран халқының денсаулығына теріс әсерін тигізуде.  Иран халқы өткен 40 жылда ешбір жағдайда Ислам революциясының негіздерінен артқа шегінбейтінін көрсетті. Осы кезде Иран халқы санциялардың аясында әлемнің азаттық талап ететін басқа елдері үшін үлгі әрі сенімді елге айналды. АҚШ-тың Иран халқына қарсы дұшпандылығының тамырын дәл осы мәселеге байланыстыру керек.