Рухани: Аймақ халықтарының қарсыласуы – сөнбейтін жалын
(last modified Wed, 18 Sep 2019 11:57:47 GMT )
Қыр 18, 2019 17:57 Asia/Almaty
  • Рухани: Аймақ халықтарының қарсыласуы – сөнбейтін жалын

ИИР Президенті аймақтың ояу және қырағы халықтарының қарсыласуын сөнбейтін жалын деп атап: "Аймақ дұшпандары йемендіктердің ескерту жауабынан сабақ алып, аймақтағы соғысты тоқтатулары керек",- деп қуаттады.

 

Хасан Рухани сәрсенбіде үкімет отырысында: "Аймақ халықтарының дұшпандары Ливан Хизболласы мен Ирактың Хашад әш-Шааби күштері, Сирия мен Йемен халықтары күш-қуаттарын мойындаудың орнына оларды айыптауда",- деп баса айтты. Рухани аймақ халықтары дұшпандарына: "Айыптаудың орнына халықтардың күш-қуатын қабылдаңдар. Оларға ешбір үкімет көмектеспеді. Халықтар көтерілді",- деді. ИИР Президенті сондай-ақ Йеменнің жазықсыз халқының қырылуы, бұл елдің ауруханалары, тұрғын үйлері мен мектептерінің бомбалануларына тоқталып: "Соғысты Йеменнің қырағы халқы бастамады. Аймақтағы соғысты Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі мен кейбір еуропалық мемлекеттер  мен сионистік режим бастап, Йеменді қирауларға айналдырды",- деді. Рухани Иранның еш уақытта аймақтың қақтығыстардың куәсі болуын қаламағанын қуаттап: "Иран елінің солтүстігі, шығыс мен батысындағы елдермен достық қарым-қатынастар орнатқандай, өзінің оңтүстігіндегі көршілес елдермен де достық қарым-қатынас орнатқысы келеді",- деп қосты.