Рухани: Иранға қарсы дұшпандығы тарихында АҚШ-тың қазіргі оқшаулануы бұрын-сонды болмаған
(last modified Mon, 23 Sep 2019 10:15:56 GMT )
Қыр 23, 2019 16:15 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранға қарсы дұшпандығы тарихында АҚШ-тың қазіргі оқшаулануы бұрын-сонды болмаған

ИИР Президенті Иранға қарсы дұшпандығы тарихында АҚШ-тың қазіргі оқшаулануы бұрын-сонды болмағанын қуаттады.

 

Хасан Рухани БҰҰ Бас ассамблеясының 74 сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке аттанардан бұрын Теһранның «Меһрабад» әуежайында журналистардың алдында: «Осы кезде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы Иранның міндеттемелерін азайту мәселесіне байланысты әлем елдерінің көбі АҚШ-ты айыптайды. Сондай-ақ Вашингтонның бұл тақырыпты Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінде баяндау жобасына немқұрайдылық білдіруде»,- деді. ИИР Президенті Aramco мұнай зауытына жасалған шабуылдарға байланысты АҚШ-тың Иранға қарсы айыптарының жалғасуына тоқталып: «АҚШ аймақты толық өз билігіне алып, Сауд Арабиясының шығыс аймағындағы бүкіл мұнайды өз қолына түсіргісі келеді»,- деп қосты. Рухани БҰҰ Бас ассамблеясында баян етілетін Ормуз бұғазы бейбітшілік жобасы туралы: «Бұл жоба әлемдіктерге Иранның аймақтағы ұзақ мерзімді бейбітшілікті көздейтінін жариялайды»,- деді.