Рухани: Дұшпандардың исламдық Иранға қарсы қастандықтары сәтсіздікке ұшырады
ИИР Президенті Иранның қырағылығы, қарсыласуы және табандылығымен дағдарыс жағдайдан өткенін қуаттап: «Исламдық Иранға зардап келтіруді көздеген АҚШ, сионизм мен аймақтағы олардың одақтастарының қастандықтары сәтсіздікке ұшырады»,- деді.
Хасан Рухани кеше дүйсенбі күні жергілікті және шетелдік журналистермен өткізген отырыста АҚШ-тың елінің асыра сілтеушілері мен сионистік режим және Сауд Арабиясының қысымымен ядролық мәселеге қатысты келісімнен шыққанына тоқталып: «ИИР осы уақытқа дейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту саласында үш қадам жасады. Егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басқа тараптары өз міндеттемелерін орындамаса, Иран міндеттемелерін азайту саласында келесі қадамдарын іске асырады. Егер Иранға қарсы заңсыз санкциялардың күші жойылып, «алтылық» тобының келіссөздеріне жағдай туса, Теһран кез келген мемлекетпен келіссөз жүргізуге дайын болады»,- деді.
Рухани Иранның Сирияның солтүстігіндегі қазіргі үдерістің жалғасуының алдын алу шаралары туралы: «Түркияның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, алаңдаушылықтарын Сирия армиясының елдің солтүстігінде орналасуы арқылы шешу мүмкін. Бірақ Түркияның Сирия жеріне енуі дұрыс емес, сондықтан «Астана үдерісін» жалғастыруға талпыныс жасау қажет»,- деді.