Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың жаңа санкцияларына реакция білдірді
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың бірнеше ирандық қайраткер мен жеке және құқықтық тұлғаларына қарсы қайтадан санкция салуына реакция білдіріп: «АҚШ режимінің басшылары Иран халқының мықты ерік-жігері алдындағы сәтсіздіктерін жеңілдету үшін негізсіз санкциялар жариялап жатыр»,- деді.
АҚШ Қаржы министрлігі ИИР-на қарсы дұшпандық саясаттарын жалғастырып, ирандық бір ұйым мен 9 адамның есімін санкциялар тізіміне қосты.
ИРНА ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша, Сейед Аббас Мусави біржақты санкцияларды айыптап: «Мұндай әрекеттер бұл режимнің дипломатиялық жолдарды пайдалана алмайтынын, АҚШ-тың маңызды халықаралық мәселелерді шешу саласында басқа елдерге күш көрсететін көрсетеді»,- деді.