Қар 08, 2019 19:04 Asia/Almaty
  • Иран халқының АҚШ-қа жиіркеніш білдіруі – терең қырағылықтың белгісі

Теһран жұма намазының имамы: «Иран халқының АҚШ басқарған әлемдік үстемшілдікке жиіркеніш білдіруі бұл халықтың АҚШ мемлекеттінің адамзат, бейбітшілік, қауіпсіздік және адам құқығына қатер екендігін түсінуінің белгісі»,- деді.

 

Теһран жұма намазының имамы Казем Седиқи исламдық Иранның халқының 13 абан – «Әлемдік үстемшілдікке қарсы күрес» ұлттық күні шеруіне жаппай қатысуына тоқталып: «АҚШ өткен 40 жылда ИИР-ның қасиетті жүйесіне қарсы дұшпандық білдіріп, ешбір қастықтан бас тартпады»,- деді. Теһран жұма намазының имамы Иран мен «алтылық» тобының келіссөздері мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталған ядролық келісімге қол қоюын еске салып: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының нәтижесі не болды? Санкциялардың күші жойылды ма? Санкциялардың күші жойылмақ түгілі, жаңадан көп санкция салынды»,- деп қуаттады.

 

Тегтер