Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері аймақ халықтары қиындықтарының факторын әлемдік үстемшілдіктің ықпалы деп атап: «Аймақ халықтары қырағылық және сергектікпен дұшпандардың қастандықтары мен ықпалына қарсы табандылық танытуы керек», - деді.
Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша аятолла Мохаммад Кашани Теһран жұма намазының құтпаларында: «Йемен мен Палестинаға шабуыл жасап, халыққа бомба жаудырған адамдар ислам әлемін жоюды көздейді», - деді.
Теһран жұма намазының құтпагері дұшпандардың қорлаушы әрекеттерін ислам әлемі мен күллі ислам үмбетін қорлау деп атап: «Егер мұсылмандар біріксе дұшпан оларға үстемдік ете алмайды», - деді.
Аятолла Имами Кашани сионистік режимнің Иранды яһудилерге қарсы деп көрсету үшін күш салып жатқанын айтып: «Сионистер не яһуди, не насрани емес. Олар Құдайға қарсы, адамзат пен барлық құндылыққа қарсы», - деді.