Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Иранның ауыр су қорын арттыруын қуаттады
(last modified Tue, 19 Nov 2019 14:54:42 GMT )
Қар 19, 2019 20:54 Asia/Almaty
  • Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Иранның ауыр су  қорын арттыруын қуаттады

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты елшісі Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Иранның ауыр суды арттыруын қуаттағанын жариялады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Венадан хабарлауынша, Казем Ғарибабади: «Сенбі күні Иран Агенттікке хабарлаған соң, АҚХА-нің инспекторлары жексенбі Арак ауыр суы бекетін аралап, Иранның ауыр су қорының 5,131 тоннаға жеткеннін тексерді»,- деді.

АҚШ-тың ядролық мәселеге қатысты келісімнен шығуынан бір жыл өтіп, Еуропаның АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуының шығындарының орның толтыру үшін ұсынған механизмдерінің іске асырылмағаны дәлелденген соң, ағымдағы 2019 жылдың 8 мамырында Иран аталмыш келісімнің 26 және 36-шы баптары  бойынша бұл келісімдегі міндеттемелерінің бір бөлігін қысқартатынын жариялады.