Рухани: Иран санкция салушылармен қарсыласуы мен табандылығын жалғастырады
(last modified Wed, 04 Dec 2019 12:42:39 GMT )
Жел 04, 2019 18:42 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран санкция салушылармен қарсыласуы мен табандылығын жалғастырады

ИИР Президенті дұшпанның өткен екі жылда Иран халқына қарсы ең қатаң санкцияларды енгізгеніне тоқталып, Иранның санкция салушылармен қарсыласуы мен табандылығын жалғастыратынын қуаттады.

Хасан Рухани бүгін сәрсенбі күні Теһрандағы 26-шы  «Сақтандыру және даму» конференциясында  Сауд Арабиясы мен Израиль режимінің АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы мен Иранға қарсы қысымдарды күшейтуі үшін негізгі факторлары болғанына тоқталып: «Иран халқы елінің тәуелсіздігі мен ғиззаты үшін   жандарын қиюға дейін барып, табандылық танытады»,- деді. Рухани Иранның келіссөздер жолын жаппағанына назар аудартып: «Егер АҚШ қате, зұлым, заңсыз және лаңкестік санкцияларының күшін жойса, «алтылық» тобының басшылары да кездеседі, Иранның бұл мәселеге ешбір қарсылығы жоқ»,- деп қуаттады.