Шамхани: Кісі өлтіру жобасын жүзеге асыру – дұшпанның қастандығы
Иран Ұлттық қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани бүгін бейсенбі күні Теһран облысының батыс шаһристандарына барып, Иранда жуырдағы оқиғаларда қаза тапқандардың отбасыларымен кездесті.
Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша контр-адмирал Шамхани риясыз кеңістікте өткен кездесулерде жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жүйе басшыларының шығындардың орнын жылдам толтырып, құрметті шәһидтер мен қаза тапқандардың отбасыларының зардаптарын азайтуға деген ерік-жігерлерін хабарлап: «Осы ұлттық міндетті орындауды тездету үшін барлық ұлттық мүмкіндікті қолдану керек», - деді.
Ол жуырда Теһран шаһристандарында қаза болғандардың 85 пайыздан астамының ешқайсының наразылық шерулеріне қатыспағанын, күдікті түрде суық және ыстық қарулармен өлтірілгенін айтып: «Сондықтан осы аймақта өлтіру жобасын дұшпандардың жүзеге асырғаны анық», - деді.