Терроризм мен экстремизм – аймақтың негізгі қоқан-лоққысы
(last modified Wed, 18 Dec 2019 09:11:40 GMT )
Жел 18, 2019 15:11 Asia/Almaty
  • Терроризм мен экстремизм – аймақтың негізгі қоқан-лоққысы

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы терроризм мен экстремизмді және шетелдік күштердің орналасуын аймақтың негізгі қоқан-лоққысы деп атады.

 

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Теһрандағы аймақтың қауіпсіздік жөніндегі келіссөздердің екінші отырысында Ислам республикасының лаңкестік пен экстремизм жөніндегі ұстанымын баяндап: «Лаңкестік пен экстремизм әлі жалғасып, баршаның бейбітшілігі, қаупсіздігі мен тұрмысына әсер етіп жатқан апат»,- деді. Шамхани биылғы жиналыстың негізгі тақырыбы Ауғанстан екенін еске салып: «Қауіпсіздік мәселелері, атап айтқанда Ауғанстанның іші мен осы елмен шекаралас мемлекеттерде лаңкестік әрекеттерді іске асыру үшін Ирак пен Сирияда сәтсіздікке ұшыраған ДАИШ лаңкестерін Ауғанстанға ауыстыру мен осы маңызды қауіпсіздік мәселесін шешу аймақ елдерінің негізгі міндеті»,- деді.

Аймақ қауіпсіздігі туралы келіссөздердің екінші отырысы Иран, Ресей, Қытай, Үндістан, Ауғанстан, Тәжікстан мен Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшылары мен қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері және қауіпсіздік саласындағы басқа қайраткерлерінің қатысуымен бүгін сәрсенбі күні таңертең Теһранда басталды.