Революция жетекшісі: Джиһад пен шәһадатты ұмыттыратын қозғалыс жүріп жатыр
Ислам революциясының жетекшісі шәһидтерді құрметтеуді лазым іс әрі баршаның міндеті деп атап: "Себебі ислам символдарын, әсіресе джиһад пен шәһадатты ұмыттыру мақсатындағы қара ниетті саясат пен қозғалыс жүріп жатыр. Осы саясатқа қарсы тұру керек", - деді.
Ислам революциясының жетекшісі Хаменеи Иранның оңтүстігіндегі Һормозған облысы шәһидтері конгресінің штаб мүшелерімен кездесуде облыс халқы күресінің ұзақ тарихын тілге тиек етіп, батылдық пен құқықты қорғауды осы аймақтағы құнды әрі тұрақтанған ерекшелік деп атады.
Аятолла Хаменеи әрбір шәһидті құқықты қорғау жолындағы жанпидалықтың символы, символдар мен үлгілерді жастарға таныстыруды өте қажет әрі маңызды деп атап: "Қарсы тараптағы қозғалыс жастардың бұзық, дүние талап етуші символдарға көңіл бөлуіне күш салуда. Шәһидтердің жарқын жүздері жастардың оларға көңіл аударып, солардың жолдарын жалғастыруға себеп болады", - деді.
Ислам революциясы жетекшісінің желтоқсанның он алтысы күні Һормозган облысы шәһидтер конгресінің штаб мүшелерімен кездесуіндегі баяндамасы бүгін жарияланды.