Рухани: Иран халқы революция мен діни жетекшісіне адал
(last modified Tue, 31 Dec 2019 13:54:45 GMT )
Жел 31, 2019 19:54 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран халқы революция мен діни жетекшісіне адал

ИИР Президенті халқының революциясы, діни жетекшісі мен ислам республикасы жүйесіне адал екенін қуаттады.

 

Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранның батысындағы Голшаһр-Хашгерд қаласының электр пойызы жобасының тұсаукесер рәсімінде халықтың Ислам, Иран және Ислам революциясы жолындағы жанкештілігіне тоқталып: «Өткен күндері миллиондаған халық қауіпсіздік пен тыныштықты, революциясы мен діни жетекшіні және Ислам республикасы жүйесін қолдап, көшелерге шықты. Бұл халықтың адалдығын білдіреді. Миллиондаған халықтың көшелерге шығып, елдің жүйесін қолдауы дұшпандарды ызаландыратды»,- деді. Рухани сондай-ақ Иран, Ресей және Қытайдың Оман теңізіндегі бірлескен теңіз жаттығуына сілтеме жасап: «Бұл жаттығу қарапайым мәселе емес, сондықтан әлемнің талан-таражға салушыларын ызаландырды»,- деді.